21
сентябрь
2022
«Қызым саған айтам...»
Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінде «Қызым саған айтам...» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді.
Мақсаты: Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.
Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызыңды қонақ деп есептеп, барған жерінде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Іс-шараға қатысқандар 9-10 сыныптың қыздары және сынып жетекшілері.
