01
сентябрь
2022
1 қыркүйек - Білім күні
Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек білім күніне арналған " Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" атты іс -шара өткізілді. Жиынға құрметті қонақ ретінде аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Асқар Жанқоразов, Қарой селолық округінің әкімі Үрпеков Әсет Юсупұлы, қамқоршылық кеңес мүшесі Даврушев Наим, ата–аналар комитетінің төрағасы Шыныбек Асқар қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді құттықтады. Мектеп директоры Дамиева Гүлсім Әскербекқызы ұстаздарды және оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиын "Үкілімай" би тобының биімен ашылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. 10 "А" сынып оқушысы Бейсенбек Дулат және Мустафа Аңсардың "Қазақ елі" әні шырқалды. 2-11сынып жетекшілері «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.




