Туребекова Мейрамкуль Орынбаевна

1.Тегі, аты, әкесініңаты:Туребекова Мейрамкуль Орынбаевна
2.Жеке сәйкестендірунөмірі (ЖСН)700308402925
3.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің директоры
4.Жынысы: әйел
5.Туған жылы мен туған жері:08.03.1970 жыл, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы
6.Ұлты:қазақ
7.Білімі жоғары, педагог-сарапшы, бірінші санатты мектеп басшысы 1994 жылы Жамбыл педагогикалық институты,ұлттық мектептердегі орыс тілі пәні мұғалімі
8.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
9.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған
және наградталған уақыты:
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
10.Үйінің мекен-жайы:Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, Жүніс Асабайұлы көшесі, № 4
11.Жалпы жұмыс өтілі 33 жыл
12.Саладағы жұмыс өтілі:33 жыл
13.Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:3 ай
14.Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:
Туребекова Мейрамкуль Орынбаевна 1994-1995 жылдар аралығында аталған мектепте директордың тәрбие ісінің меңгерушісі, 1996-2004 жылдар аралығында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі, 2004-2012 жылдар аралығында директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып, 2012 жылдан бастап Жамбыл ауданы Антон Макаренко атындағы орта мектебінде директор лауазымын 9 жыл қатарынан атқарып келеді. Педагогикалық еңбек өтілі – 33 жыл. Біліктілік санаты – педагог-сарапшы, бірінші санатты басшы.
1997 жылы Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2006 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін білім министрінің алғыс хатын иеленді.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2017 жылы облыстық «Үздік директор» байқауының І орын жеңімпазы атанды.
2018 жылы аудандық «Үздік директор» номинациясымен марапатталды.
2019 жылы 5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
2015-2020 оқу жылдары аралығында мектеп ұжымы рейтинг көрсеткішінің қорытындысы бойынша аудан көлемінде «Үздік мектеп» номинациясымен марапатталып келді.
2020 жылы облыстық «Үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша 1 млн сертификатына ие болды.
Мектепте білім алушылардың білім сапасы жылдан жылға өсуде. 2016-2021 оқу жылдары аралығында 60%-дан 68%-ға көтерілді. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл бойындағы «Алтын белгі» иегерлерінің көрсеткіштері төмендегідей:
2016-2017 о.ж. - 1 оқушы, 2017-2018 о.ж. - 2 оқушы, 2018-2019 о.ж. - 3 оқушы, 2019-2020 о.ж. - 4 оқушы, 2020-2021 о.ж. - 3 оқушы.
Облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктер бойынша оқушылардың үлестері:
Облыстық пән олимпиадасы бойынша 2017-2018 оқу жылында қазақ тілі пәнінен Асланов Эмрах ІІІ дәрежелі диплом, 2018-2019 оқу жылында орыс тілі пәнінен Насыр Аяжан ІІІ дәрежелі диплом, 2019-2020 оқу жылында орыс тілі пәнінен Ахмедова Рамиля ІІІ дәрежелі диплом, ағылшын тілі пәнінен Бостан Мерей ІІІ дәрежелі диплом.2020-2021 оқу жылында қазақ тілі пәнінен Ахмедова Рамиля ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында Білген Бәйге Республикалық олимпиадасына бастауыш сынып оқушылары Құлжан Іңкәр, Бейшенбек Айғаным қатысып, жүлделі дипломдармен марапатталса, Білген Аламан Республикалық олимпиадасына математика пәнінен5-сынып оқушысы Әсетула Таңшолпан, 7-сынып оқушылары Нұржаубай Айнұр, Шаймерден Алина, 8-сынып оқушысы Жамбыл Мағжан, физика пәнінен 7-сынып оқушысы Әмірхан Аружан жүлделі орындарға ие болған.
2019-2020 оқу жылында қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылғанІ республикалық «Абай жаққан бір сәуле» атты жас ақындар мүшайрасында Рахманқұл Бақдәулет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар мектеп оқушылары халықаралық байқауларда да оза шауып, жүлделі орындарға ие болды. 2018-2019 оқу жылында Ресей Федерациясының Омск қаласына М.В.Ломоносов атындағы ХХ турнирінің бетпе-бет кезеңіне қатысқан оқушыларымыз Шәмшібек Балжан, Нұралы Әлібекжүлделі дипломдармен марапатталды. 2019-2020 оқу жылында Ломоносов олимпиадасына математика, информатика, химия, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география пәндері бойынша 257 оқушы қатысты. Соның ішінде55 оқушы жүлделі 1, 2, 3 дәрежелі лауреаты атанып, 14 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, мектебімізге «М.В Ломоносов олимпиадасы2019-2020 оқу жылы» кубогы берілді.
Заман талабына орай Мейрамкуль Орынбаевна басқарып отырған мектепте өрелі өрендері көптеген ғылыми жобалар байқауларына қатысып, топ жарып жүр. Аталмыш білім байқаулары оқушылардың ғылыми зерттеулерге ынтасын ашып, қарым-қабілеттерін дамыта түседі. Оның айқын дәлелі – мектеп оқушыларының соңғы бес жыл бойы ғылыми жобалар бойынша жеткен жетістіктері.
Атап айтсақ, «Мен зерттеуге үйренемін» атты облыстық балғын зерттеушілер байқауынан Тайұзақ Жаннұр, Омарбек Назым, Жылқыбай Аружан 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақстан-менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы аясындағы «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен Тлеуова Айнұр марапатталды. «Б.Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы бойынша Назымбекова Аружан 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумында «Жасыл оазис» номинациясы бойынша Искендеров Бегзат 3-дәрежелі дипломмен және «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша Анарбекова Нұрай 2-дәрежелі дипломмен, Тлеуова Айнұр 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Эко болашақ» Республикалық әлеуметтік-экологиялық жобасында көрсеткен белсенділігі мен жобаға қатысқаны үшін Насыр Аяжан мадақталды. Жұлдызы нұрлы суреткер Ш.Мұртазаның шығармашылығын насихаттап, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа үлгі ету және Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өткізілген облыстық «ІV Шерхан Мұртаза оқулары» байқауында жазушы шығармашылығын ғылыми тұрғыда жан-жақты талдап, ізденушілік қабілетімен дараланған Сұңғат Дана марапатталды. Республикалық «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумында Жаңаберген Аян І дәрежелі дипломмен марапатталып, Христофоров Дионис пен Жомарт Жасмин сертификат алды.
Туребекова Мейрамкуль Орынбаевна аудан және облыс педагогтерімен өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Оның еңбектері БАҚ, ғаламтор желісі беттерінде басылып тұрады.
Өз ісіне жауапты, адамдармен оңай тіл табыса білетін, ұжым арасында сыйлы, оқушылар мен педагогтердің құрметіне бөленген жан.