05
октябрь
2022
Азаматтық қорғаныс жұмыстары/ Төтенше жағдайдың алдын алу
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік Азаматтық қорғаныс бойынша жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша ай сайынғы өткізілетін іс-шаралар өткізіліп отырды. 5 қазан күні мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Раимбековтың ұйымдастыруымен . Оқу ғимаратындағы оқушыларды шығаруға қабат жоспары жасалынып таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мектеп ауласындағы қозғалыс маршрутының авариялық шығатын сыныптардың өткелдері орнықтырылды. Оқу бөлмелерінің орналасуын, күте тұруға белгіленген орындарды анықтау жұмыстары жүргізілді. 5 қазан күні 5-11 сынып білім алушыларымен барлық сынып жетекшілер «Жер сілкінісі» туралы сынып сағаттарын өткізді.
Мақсаты: Жер сілкінісі қауіпі болған жағдайда дабыл алысымен басшы құрамды, сынып бойынша іс әрекеттерін пысықтау, белгіленген орындармен мектеп ғимаратынан шығару. Қазан айында жер сілкінісі бойынша құтқару жұмыстары, жарақат алғандарды емдеу жұмыстары алғашқы жәрдем көрсету туралы іс-шаралар жүргізілді. Жоспарға сәйкес төтенше жағдайдың алдын алу бойынша барлық сыныптардың сынып сағаттарында түрлі іс-шаралар өткізіліп, білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
