20
сентябрь
2022
Жаман індеттерден аулақ болайық
Жамбылская область Жамбыл ауданы Сұлутөр ауылдық округінде орналасқан Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектеп оқушыларының "Жаман індеттерден аулақ болайық" тақырыбында Сұлутөр ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Абилов Аңсар мырза, Қарой ауылдық әкімшілігінің маманы Дігәр Айтмұханбет мырза, мектеп медбикесі Үдергенова Гүлжан және Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің әкімшілігі оқушылардың жаман әдеттерден аулақ болу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде көптеген мәселелер айтылды, соның бірі ұлттық тәрбиенің қазіргі жастар үшін маңыздылығы сонымен қатар темекі, насыбай, уытты заттар мен алкоголь өнімдерінің зияндылығы айтылып өтілді. Кездесуге мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысып, өз ой пікірлерімен бөлісті.
