Қазіргі жазғы мектеп туралы » Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(7262) 52-91-63
Бухгалтерия
+7(7262) 52-91-63
Версия для
слабовидящих
05
июнь
2021

Қазіргі жазғы мектеп туралы

Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді,күрделі тақырыптарды игеруге көмектесу маңызды.

 Қазақстанның барлық қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.

Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасайды. Жазғы мектептердің топтары,сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.Кесте құрылған топтарды  сыныптарды ескере отырып жасалады. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды. 

 Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.Жазғы мектеп жағдайында домтапсырмасы берілмейді. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.

 Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды графика, аудио, бейнематериалдар, презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.